Атырау, 12 желтоқсан 05:29
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Әскерилердің ас мәзіріне ет пен бауырсақ қосылмақ

760 рет қаралды

Ұлттық ұлан әскерилердің тамақтану рационына ет, бауырсақ және басқа да ұлттық тағамдар енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, бастама ұлттық асхананы насихаттау және мәдени құндылықтарды сақтау мақсатында көтерілген. Рационға ет, сірне, наурыз көже, нарын, кеспе және бауырсақ қосу ұсынылып отыр.

Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары Еркебұлан Хамидуллин мәдени бірегейлікті сақтауға бағытталған маңызды қадам екенін айтады.

"Әскерилердің ас мәзіріне ұлттық тағамдарды енгізу – жай ғана жаңашылдық емес, бұл жауынгерлердің рухын нығайтады", – деді Еркебұлан Хамидуллин.

Ұсынылған өзгерістер Қазақ тағамтану академиясымен алдын ала келісілген. Ұлттық ұланның мәлімдеуінше, мұндай тағамдар зат алмасуды жақсартып, иммунитетті нығайтуға және ауыр физикалық жүктемеден кейін күшті қалпына келтіруге көмектеседі.

31 қаңтар, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.