Атырау, 12 желтоқсан 05:29
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Заң бұзушылық үшін айыппұл: Ақтауда лицензиясы тоқтатылған кәсіпкер алкоголь сатуды жалғастырған

294 рет қаралды
Фото: freepik.com

2024 жылы 11 қарашада Ақтау қаласының мамандандырылған соты «С» есімді азаматқа қатысты ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша қозғалған істі әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Аталған бапта тиісті рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін жауаптылық қарастырылған.

Алайда тексеру барысында 2024 жылдың қыркүйегінде соттың бұл кәсіпкердің лицензиясын бір айға тоқтатқандығы анықталған. Демек, осы мерзім ішінде оның алкоголь өнімін сақтауға және сатуға құқығы болмаған.

Осыған қарамастан кәсіпкер дүкенінде алкоголь сақтауды жалғастырған.

Сол себепті прокурорлар сот қаулысына апелляциялық өтінішхат келтіріп, Маңғыстау облыстық сотының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы қаулысымен кәсіпкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған айыппұл салынды.

31 қаңтар, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.