Атырау, 22 ақпан 07:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 502.47
€ 525.83
₽ 5.68

«Бәрі өз еркіммен болды»: Атыраулық 15 жастағы жүкті қыз сотта куәлігін өзгертті

946 просмотра 14 пікір
Көрнекі сурет

2024 жылдың қыркүйегінде Атырауда кәмелеттік жасқа толмаған қыздың зорлық-зомбылықтың құрбаны болдым, содан кейін жәбірлеушіге тұрмысқа шықтым деген мәлімдемесіне байланысты жанжал шықты. «АЖ» редакциясы атышулы іске қайта оралып, мән-жайды анықтады.

Еске салайық, жасөспірімнің жүкті болғаны және оның тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат желіде тез тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырып, құқық қорғау органдарының назарын аударған болатын. 

Бірақ іс сотқа ҚР ҚК-нің 120-бабы («Зорлау») бойынша емес, ҚК 122-бабы («16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу») бойынша қозғалғаны белгілі болды. 

Сот барысында жағдайдың қала тұрғыны әлеуметтік желіде айтқанындай болмай шықты. Сот сатысында ол өз куәлігін өзгертіп, 20 жастағы танысымен өз еркімен қарым-қатынасқа түскенін айтты. Біраз уақыттан кейін олар ресми түрде үйленген. Ол әлеуметтік желіде зорланғаны туралы бейнеүндеуді туыстарының қысымымен жасапты-мыс. Сондай-ақ ол ешқандай шағымы жоқтығын айтып, болашақ сәбиінің әкесін әрі күйеуін қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. 

«Біз өз еркімізбен жыныстық қатынасқа түстік, ол мені қазақтың әдет-ғұрпы бойынша үйіне әкелді. Содан кейін үйлендік», - деді ол. 

Іс материалында неке туралы куәлік бар. Алайда, қыз әлі кәмелеттік жасқа толмағандықтан, соттың 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен айыпталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

30 қаңтар, 22:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS