Атырау, 26 сәуір 20:55
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жас күніңде ойна да күл

4 120 просмотра

Атыраудағы Жастар апталығының мерекелік шаралары

12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Биыл Атырау жастары бұл мерекені кеңінен атап өтпекші. «Қазақстанның басқа көптеген облыстарында бұл мереке мүлдем тойланбаса да, біз жастарға түрлі бағдарламалар әзірледік», - деді баспасөз конференциясында Атырау облыстық жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы.

Жастар апталығы 5 тамызда «King of the beat 2013» халықаралық би фестивалімен басталды. Мұнда 150-ден аса қатысушы үш би бағыты - брейк-данс, хип-хоп және электро бойынша би сайысына түсті. Ең үздік бишілер 6 тамызда сағат 16.00-де «Атырау» мәдениет орталығының маңындағы алаңда (облыстық әкімдіктің арты) өнер көрсетеді. Сондай-ақ мерекелік апта аясында «Домбыра Paty» флешмобы (8 тамызда, 20.00-де, «Ренессанс» қонақ үйінің маңындағы алаңда), «Арбат» фестивалі (9 тамыз, 20.00, Жеңіс саябағы), «Open Air Paty» (10 тамыз, 20.00, Малибу жағажайы, Жилгородок) өтеді. Осы шаралардың барлығында Атыраудың шығармашыл жастары өнер көрсететін болады. Қорытынды концерттік бағдарлама 11 тамызды Исатай-Махамбет алаңында сағат 20.00-де болады.

Сондай-ақ, Жастар апталығының шеңберінде Атырауда ірі кәсіпорындар, аула клубтары жастары арасында спорттық жарыстар өткізіледі.

Әлеуметтік бағыттағы шараларға келсек, орта арнайы және жоғары оқу орындарын бітірген, жұмыссыз жастар үшін бос ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ұйымдастырылады. Жәрмеңке 9 тамызда 10.00-де Х. Досмұхамедов атындағы университеттің спорт кешенінде өтеді. Жүздеген жұмыс орындары ұсынылатын болады деп күтілуде. Тағы да 150 – 200 адам «Жасыл Ел» студенттер құрылыс отряды қатарына қосылады.

Сонымен қатар, 7 тамызда «Баклан» демалыс базасында жастар қозғалысының белсенділері үшін «Zhascamp - 2013» бір күндік оқу лагері өтеді, онда жас өрендерге көшбасшылық қасиеттерін арттыруға, шешендік өнерге баулу треннингтері жүргізіледі.

8 – 10 тамыз аралығында қаланың ойын-сауық орындарында жас белсенділер тобы саламатты өмір салтын сақтау және жастар арасындағы қылмысқа қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.

8 тамызда сағат 15.00-де «Ренессанс» қонақ үйінің қасындағы алаңда «Ораза Айт – жастардың рухани байлығы арттыру көзі» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылады. Осында жастардың теологтармен дін тақырыбында әңгімелесуіне мүмкіндік бар.

11 тамызда 14.00-де «Атырау» қонақ үйінің конференц залында әлеуметтік бейне баяндардың жас авторлары арасында өткізілген «Біз болмасақ, басқа кім?» байқауының қорытындысы жүргізіледі.

12 тамызда 11.00-де Исатай – Махамбет алаңында қазіргі жастардың 2050 жылғы жастарға үндеуін салтанатты түрде капсулға салу шарасы өтеді.

Сондай-ақ жастар күні қарсаңында Атырауда www.zhasatyrau.kzбірінші жастар сайтының ашылу салтанаты өтті. Әзірге сайт толықтыру кезеңінде, алайда алға қарай осы ресурста жастар еңбек биржасы, облыстың мәдениет, спорт және ойын-сауық салаларындағы қызықты жаңалықтар салынатын болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА    

6 тамыз 2013, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.