Атырау, 19 маусым 01:41
 бұлттыВ Атырау +23
$ 518.81
€ 596.27
₽ 6.63

Сирияда «Әл-Каида» ұйымының содырлары 450 күрдті өлтірді, арасында балалар да бар

2 562 рет қаралды

Сирияның солтүстік-шығысында «Әл-Каида» ұйымымен байланысты «Джебхат-ан-Нусра» исламшыл тобының содырлары кепілге алынған 450 күрдті өлтірді. Олардың қатарында 120 бала бар, қалғаны әйелдер мен қарттар, деп хабарлады PressTV иран телеарнасының сайтына сілтеме жасай отырып Newsru.com.

Қақтығыс «Джебхат-ан-Нусра» содырларының Алеппо провициясындағы екі күрд ауылына шабуыл жасап, 200-ге жуық бейбіт тұрғынды кепілге алғаннан бір апта өткеннен кейін басталды. Кепілге эстремистермен күрескен адамдардың отбасылары алынды. Оларға қарсы күрес тобын шешен дала командирі Абу-Мусааб басқарған. Қақтығыс салдарынан Сирияның Түркиямен шекарадағы Рас-аль-Айн қаласы күрдтердің қоластына өткен болатын.

Дереккөз: bnews.kz

6 тамыз 2013, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.