Атырау, 22 ақпан 0715
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 502.47
€ 525.83
₽ 5.68

Түркістан облысында ауылдасының малын ұрлаған күдіктілер қолға түсті

253 просмотра
Фото: freepik.com

Түркістан облысында ауылдасының малын ұрлаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті жас жігіттерді қолға түсірді. Анықталғандай, қылмысқа қатысы бар жігіттер жергілікті жердің тұрғындары болып шықты. 

Олар түнгі уақытта жайылымдық жерден сиыр ұрлап, ГАЗель жүк автокөлігіне артып әкеткен. Содан кейін таң сәріде ұрланған малды Жетісай ауданындағы базарға сатуға қойған. Алайда сата алмаған соң күдіктінің біреуі үйіне апарып жасырған. 

Жәбірленушіге жарты миллион теңге шығын келтірген. Тәртіп сақшылары дер кезінде күдіктінің қорасынан қолды еткен малды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда жас жігіттерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


30 қаңтар, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS