Атырау, 3 қаңтар 12:08
 ашықВ Атырау -8
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Ұлттық компания Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы бойынша еншілес қорларының бірін таратты ​

427 рет қаралды

ҚР Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ (әрі қарай – Ұлттық компания) құрылымын оңтайландырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» еншілес корпоративтік қорын таратты.

Cауда және интеграция министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша Ұлттық компанияның екі корпоративтік қоры бар екені анықталды: «QazExpoCongress» КҚ және «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ. Бірінші қор арқылы Ұлттық компанияны нысаналы қаржыландыру жүзеге асырылады, ал екіншісі Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесі аумағындағы және Дубайдағы ЭКСПО-2020 аумағындағы қазақстандық павильондарды басқарады.

Бұл екі коммерциялық емес ұйымдағы жұмыс жүктемесінің аздығы, сондай-ақ жекелеген функциялардың қайталануы олардың одан әрі қатар жұмыс істеуінің орындылығына қатысты сұрақ туындатты. Осыған байланысты сауда және интеграция министрлігіне «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-мен бірлесіп тиісті шара қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде Ұлттық компания Министрлікпен келісім бойынша «QazExpoCongress» КҚ-ның қарамағына қолда бар мүлікті, ғимараттарды, сондай-ақ шарттар бойынша міндеттемелерді бере отырып, «Қазақстан» Сауда-көрме орталығы» КҚ-ны тарату туралы шешім қабылдады. 

Жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасының басқа тармақтары толық орындалғанға дейін бақылауда болады.

30 қаңтар 2025, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.