Атырау, 12 желтоқсан 05:29
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

АҚШ 369 қазақстандықты депортациялайды

505 рет қаралды

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның 369 азаматын депортациялайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі елден 1,44 миллион адамды депортациялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің көші-қон және кеден қызметі  (ICE) жариялаған мәліметтерден белгілі болды.

Тізімде Гондурас (261 651), Гватемала (253 413), Мексика (252 044) және Сальвадор (203 822) елдерінің азаматтары көп.

Депортацияға 369 қазақстандық та ілінген. Сонымен қатар өз елдеріне 319 қырғызстандық, 975 өзбекстандық, 149 тәжікстандық және 40 түркменстандық депортацияланбақ.

"Егер азаматтар визасының мерзімі аяқталғаннан кейін елде қалса, ол заңсыз иммигрант болып есептелінеді және депортацияға ұшырайды", –деп хабарлады Ақ үй.

30 қаңтар, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.