Атырау, 12 желтоқсан 05:29
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Аутизмді ерте анықтау жолдары қандай? Маман кеңес берді

311 рет қаралды
Сурет: depositphotos.com

Алматыдағы аутизм орталығы басшысының орынбасары Марина Забродина аутизм спектрінің бұзылуы (АСБ) және даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеу тәсілдері туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сарапшының пікірінше, ата-аналар назар аударуы қажет алғашқы белгілердің қатарына мыналар жатады:

  • тіктеп қарамау;
  • өз атын атағанда назар аудармау;
  • ым-ишара білдіре алмау;
  • қол бұлғау, заттарды бір қатарға қою;
  • қауіпті сезбеуі;
  • агрессия.

Маманның сөзінше, ата-аналар осындай ерекшеліктерді неғұрлым ертерек байқап, мамандарға жүгінсе, баланың қоғамға еніп кету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. 

Марина Забродина аутизм белгілері бар балалармен қалай дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін айтты:

  • сабырлы және мұқият болу;
  • баланың айналасын қауіпті заттардан тазарту;
  • бала мен оның ата-анасына шамадан тыс назар аудармау.

Сонымен қатар, мұндай жағдайда ата-аналарға ескерту жасауға, кеңес беруге, балаға ойыншық немесе тамақ ұсынуға, айғайлауға немесе шұғыл қызметтерді себепсіз шақыруға болмайды.

30 қаңтар, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.