
“Qarmet” компаниясына қарасты “Тентек” шахтасында жаңа ауа беретін оқпан салу жұмыстары қарқынды. Бұл құрылыс Теміртау металлургиялық комбинатына қажетті кокстелетін көмірдің жаңа қабаттарын игеруге мүмкіндік береді. Көмір қоры 20 миллион тонна шамасында, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Оқпан құрылысына тек қазақстандық материалдар қолданылады. Жұмыстың 70%-ы аяқталды. Бүгінде жылытылған ауаны жер асты горизонтына жіберетін калориферлік ғимарат, электр қосалқы станциясы, қойма орындары салынды, сондай-ақ жылу трассасы мен су құбыры тартылып, кіреберіс жолдарға асфальт төселген. Бұл стратегиялық жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған.
Жобаның маңыздылығы туралы техника ғылымдарының докторы, академик Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің профессоры Владимир Фёдорович Демин айтып берді. Ол көмір саласына жарты ғасырын арнаған, Костенко шахтасында он жыл бойы жер астында еңбек еткен. Ғылыми зерттеулері шахталардағы газдинамикалық құбылыстарға, геомеханикаға, кен қазбаларын бекіту мен күтіп ұстау мәселелеріне арналған.
В Атырау -5