Атырау, 12 желтоқсан 06:02
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Мас жолаушы Ақтау-Баку рейсінен түсірілді

529 рет қаралды

Оқиға Ақтау қаласының әуежайында ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде болған, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.   

49 жастағы қала тұрғыны масаң күйінде болып, әуежайдың тексеру қызметінің инспекторына балағат сөздер айтып, ескертулерге құлақ аспаған. 

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, оған қатысты алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырды. 

Ұсақ бұзақылық бойынша іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

29 қаңтар, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.