Атырау, 12 желтоқсан 06:02
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр

480 рет қаралды

Ашық дереккөзден алынған сурет

Журналист Дана Орманбаеваны іздеумен Интерпол айналысып жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурдың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары оның Қылмыстық кодекстің 174-бабы – ұлттық араздықты қоздыру бойынша іздеуде екенін растады.

Тергеу әрекеттері оның орналасқан жерін анықтауға бағытталған. Бұл жұмыспен Интерпол айналысып жатыр.

"Оған 6 баппен халықаралық іздеу жарияланды, істің басым көпшілігі алаяқтық бабы бойынша. Оның нақты қайда екенін айта алмаймын. Бірақ әлеуметтік желілерде оның БАӘ-ден пікір білдіріп жатқаны жазылды. Бізде әзірге ондай ақпарат жоқ. Тергеу аяқталған соң, сот отырысы өте ма, жоқ па белгілі болады", – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

Айта кетейік, Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс 2024 жылдың сәуірінде қозғалды. Іске әлеуметтік желілердегі жарияланымдар негіз болды.

29 қаңтар, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.