Атырау, 12 желтоқсан 06:00
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Бас прокуратура істі қиын деп бағалады

489 рет қаралды
Сурет: ТЖМ

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев 2025 жылдың 29 қаңтарында Мәжіліс дәлізінде Ақтау маңында болған ұшақ апатына қатысты тергеудің барысы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымжан Қойгелдиев тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

"Тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы жасақталды, сараптамалар тағайындалды. Іс қарапайым емес, нәтижесін күтіп отырмыз", – деп қосты ол.

2024 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Грозныйға ұшқан Әзірбайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағы Ақтау әуежайынан 3 шақырым жерде апатқа ұшырады. Апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының бортында 67 адам (62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі) болған. Оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.

2025 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан әзірбайжан ұшағының қара жәшіктерінің стенограммасын алғаны белгілі болды.

29 қаңтар, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.