Атырау, 22 маусым 04:17
 дождьВ Атырау +21.8
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

​Алматыдан тіке Мумбайға ұшатын рейс ашылады

505 рет қаралды

20 сәуірден бастап «Air Astana» әуекомпаниясы Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады, деп хабарлайды Көлік министрлігі. 

Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады. Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі 3 әуе компаниясының 4 әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.

Қазіргі уақытта Алматы – Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына 7 рейс орындайды), Алматы – Гоа (SCAT – 2 рейс) және Астана – Гоа (Fly Arystan – 2 рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады.

"Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп атап өтті Көлік министрлігінде. 

29 қаңтар 2025, 12:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.