Атырау, 12 желтоқсан 06:00
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​Астаналық дәрігер​ ұшақ бортында адамның өмірін сақтап қалды

401 рет қаралды

24 қаңтарда Астана-Мәскеу рейсінде 85 жастағы жолаушы кенеттен қысылып, шұғыл медициналық көмек қажет болды. Астана медицина университетінің түлегі және ҚР ПІБ ЖМА отоневролог дәрігері Қарлығаш Бакирова егде адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Немересімен бірге ұшып келе жатқан Виктор Карпин жағдайы күрт нашарлағанын сезеді. Әуесеріктер жолаушының жағдайына назар аударып, байланыс арқылы медицина қызметкерін шақырды.

Қарлығаш Бакирова дереу көмек көсетуге кірісті. Пациент гипертониямен ауырады, бірақ дәрігер қарап-тексерген кезде оның қысымы 50/30 мм сын.бағ. дейін төмендегені анықталды және импульс сезілмеді. 

Бұл жағдайда жедел әрекет ету қажет болды. Қарлығаш Бакирова реанимациялық іс-шараларды, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын (ЖӨР) жасап, науқастың жағдайын уақытша тұрақтандыруға мүмкіндік берді. Дәрігер шұғыл қонуды талап етіп, экипаж жақын маңдағы Уфа әуежайына қонуға шешім қабылдады. 

Ұшып келгеннен кейін Виктор Алексеевич дәрігерлердің қолына тапсырылды, кейін оның жағдайы тұрақталды. Қарлығаш Бакирова дәрігерлердің оң динамикасы мен біліктілігін растаған жолаушының немересімен байланысын үзген жоқ.

Бұл Астана медицина университетінің түлегі ұшақ бортында шұғыл жағдайда өмірін сақтап қалған бір айдағы екінші жағдай екенін еске сала кеткен жөн. Бұған дейін осы университеттің интерні Дінмұхамед Бектұрғанов жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, Қызылорда-Астана рейсінің жолаушысының өмірін сақтап қалған еді.

Денсаулық сақтау министрлігі сондай-ақ Доктор Қарлығаш Бакироваға жоғары кәсіби және адами қасиеттерін көрсеткені, уақтылы білікті медициналық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.

29 қаңтар, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.