Атырау, 12 желтоқсан 06:00
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Қазақстанда доллар мен еуро арзандады

330 рет қаралды
Сурет: inbusiness.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 — 522 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық банктің 29 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 538,01.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 537 — 543 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 — 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 28 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге төмендеп, 516,19 теңге болған. 

29 қаңтар, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.