Атырау, 12 желтоқсан 06:00
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Ақтауда ірі контрабанданың ұйымдастырушысы сотталды

331 рет қаралды
Көрнекі сурет: svidok.info

Ақтау қалалық соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзірбайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

29 қаңтар, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.