Атырау, 31 қаңтар 10:09
 ашықВ Атырау +2
$ 519.28
€ 540.05
₽ 5.31

Атыраудағы бау-бақша серіктестіктерін тұрғын үй секторына ауыстыру мәселесі Астанада талқыланды

Бейнежазба
622 просмотра

Атырау облысында көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан бау-бақша серіктестіктерінің тұрғын үй секторына ауыстыру мәселесі бойынша, жақында облыстың қоғамдық қауымдастық өкілдері елордаға арнайы барып, мәселелерін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман СКЛЯРМЕН және басқа да жауапты тұлғалармен талқылады. Жиынға Атырау облысы әкімдігінің атынан облыс әкімінің орынбасары Қайрат НҰРТАЕВ онлайн қосылды. 

Кездесуді Бауыржан ПАЗЫЛОВ Атыраудағы бау бақша қауымдастығы тұрғындарын алаңдатқан негізгі екі сұрақтың жауабын анықтап алудан басталды: «ҚР-дағы саяжай және бау-бақша шаруашылығын дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған жол картасын» облыс әкімдіктері міндетті түрде орындауы керек пе? Саяжайларды дамытуға облыс әкіміктері жергілікті бюджеттен қаржы қарастыра ала ма?

Вице-министрдің жауабына сүйенсек, үкімет тапсырмасы міндетті түрде орындалуы тиіс, сондай ақ оған облыс әкімдіктері өз мүмкіндігіне қарай қаржы қарастырыла алады.  

2023 жылдың соңында қабылданған "2024-2026 жылдарға арналған жол картасы" 10 тармақтан тұрады, саяжай және бау-бақша шаруашылықтарын дамытуды көздейді. Құжаттың басты мақсаттары:

- Саяжай аумақтарының мәртебесін жеңілдетілген түрде тұрғын үй массивіне ауыстыру.

- Электр энергиясына төмендетілген тариф енгізу.

- Саяжай инфрақұрылымын дамыту (жол, жарық, су).

- Саяжай аумақтарында қоғамдық көлікті ұйымдастыру. 

Кездесу барысында атыраулық өкілдер егер жол картасындағы тапсырманы орындау үшін қаланың бас жоспарына өзгеріс енуін күту керек болса, тұрғындарәлі де бірнеше жыл жарық, су, жол мәселесімен арпалысуға тура келетінін жеткізді. 

Роман Скляр бір аптадан соң Атырау облысына жол картасының орындалысын тексеру бойынша инспекторлар жіберетінін мәлімдеп: "Инспекторлар Атырау облысына барып, мәселені зерделеп, тапсырмалардың орындалу барысын тексереді. Содан соң барлық мән жайды маған баяндайтын болады" деді.

Жиыннан кейін «АЖ» тілшісі ауылшаруалығы министрлігінің саяжайларды дамыту жөніндегі сұрақтарға жауапты, бас сарапшы Төлеген ДОСОВПЕН тілдесті.  Оның айтуынша жол картасының әр пункті бойынша қандай жұмыстар жасалып жатқаны жөнінде ауылшаруашылығы министрлігіне облыс әкімдіктері тоқсан сайын есеп жолдап отыр.

 Қазіргі кезде елімізде 567 мың участок болса онда 354 мың халық тұрады.

- Бұл жол картасы саяжайлар мен бау бақша серіктестерінде тұрып жатқан тұрғындардың өтініші және шағымы негізінде ауылшаруашылығы министрлігінің бастамасымен әзірленген болатынСондай ақ жасалатын жұмыстардың әр алуандығына байланысты бірнеше министрлік қосылды. Жол картасындағы тапсырмаларды орындаушы облыс әкімдіктері болып табылады. Алайда2024-2026 жылдарға арналған жол картасы келесі жылы аяқталады. Одан кейін жұмыстар жасалмайды дегенді білдірмейді. Егер жұмыстардың орындалысы кешіктірілсе,  бағдарламаның орындалу уақыты да ұзаратын болады, деп түсіндірді бас сарапшы. 

Министрлік өкілінің сөзіне сүйенсек, Атырау облысына инспекторлар барған кезде біраз мәселенің басы ашылмақ. Мәселен трансформаторларды тездетіп балансқа алып, тарифті төмендету мәселесі тез шешілуі мүмін. Сонымен қатар, тапсырмалардың қысқа мерзімде орындалуына нақты уақыт белгіленуі мүмін. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 қаңтар, 02:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.