Атырау, 1 ақпан 00:55
 бұлттыВ Атырау -2
$ 518.14
€ 537.57
₽ 5.27

Ташкентте Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

351 просмотра

Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының су-энергетика ведомстволары басшыларының кездесуі өтті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Кездесуде «Қамбарата ГЭС-1 құрылысы» жобасын қаржыландыру және іске асыру тетіктерін тарту кезеңдері бойынша Жол картасының жобасы қарастырылды.

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов атап өткендей, қуаттылығы 1860 МВт болатын Нарын өзеніндегі гидроэлектростанция жобасы Орталық Азиядағы ең ірі жобалардың біріне айналады және Орталық Азия өңірі елдерінің тату көршілік қатынастарын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік Банктің техникалық көмегі аясында техникалық-экономикалық негіздемені дайындау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Бұл жерде Камбарата ГЭС-1 жобасының техникалық, экономикалық, қаржылық, экологиялық және әлеуметтік құрамдас бөліктерін бағалау, сондай-ақ, оны одан әрі іске асыру үшін қажетті басқа да негізгі іс-шаралар мен зерттеулерді орындау кіреді.

28 қаңтар, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS