Астананың әскери соты рейдерлікпен айналысты, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталған Елдос Қоспаевқа қатысты үкім шығарды. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kursiv.media.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына 11 адам кірген. Олардың арасында Қоспаевтың бауыры Айдос Қоспаев та бар. Судья оны 12 жылға соттады. Одан бөлек қылмыстық топтың төмендегідей мүшелеріне түрлі мерзімге жаза тағайындалды:
- Шалин 12 жыл.
- Имашев 12 жыл.
- Абижанов 12 жыл
- Алымов 12 жыл
- Кузнецов 12 жыл
- Танашев 12 жыл
- Бабаев 12 жыл
- Кудряшова 10 жыл
- Бабушкин 9 жыл
ҚМА мәліметінше, Елдос Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық топ ісінде 130-дан аса жылжымайтын мүлік нысаны, 35 люкс автокөлік, 9 млн доллар қолма-қол ақша және 11 жер учаскесі болған.
Бұл топ мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан.
Олар төмендегі компанияларды басып алды деген күдікке ілінген:
- AV-Construction;
- Profit Trade LTD;
- Azovita Aktau;
- Azovita Atyrau.
2023 жылдың қыркүйегінде Елдос Қоспаев пен оның тобының мүшелері Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланып, қамауға алынған.
Елдос Қоспаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаевтың көмекшісі болған