
Фархат Абытов «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Абытов әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады «Нефть и Газ Казахстана».
«Менің KazEnergy қауымдастығындағы жұмысым аяқталды - бұл ұйым соңғы жылдары мен үшін жұмыс орны ғана емес, шабыт пен баға жетпес тәжірибенің қайнар көзіне айналды. 2021 жылдан бастап біз ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асырдық, қиындықтарды еңсеріп, Қазақстанның энергетика саласының болашағын қалыптастырып, керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Алда Қазақстанның геологиялық саласын дамытуға бағытталған жаңа міндеттер тұр», - деп жазды ол.