
1 ақпан күні сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті.
Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды.
Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізілуде.