Атырау, 13 ақпан 1124
 ашықВ Атырау -1
$ 501.31
€ 520.11
₽ 5.33

БҚО-да білім беру мекемесінің заң бұзған 38 қызметкері жауапқа тартылды

342 просмотра

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында тексеру жүргізіп, әр түрлі саладағы заңды бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз  қызметі. 

Мысалы, Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәмелетке толмағандар арасында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» 2022 жылғы 3 тамызындағы №348 бұйрығы талаптарына қайшы «Өмір қауіпсіздігі негіздері» бойынша міндетті сабақтар жүргізілмеген.

Аталған сабақтарды өткізу ауданның барлық 1200 оқушылар үшін ұйымдастырылмаған.

Еңбек қатынастары саласындағы бұзушылықтар да тіркелді: қызметкерлер ұжымдық шарттармен таныспаған, ал еңбек шартын бұзу кезінде белгіленген нормалар сақталмаған.

Тексеру нәтижесінде 30 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

28 қаңтар, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS