Атырау, 13 ақпан 1142
 ашықВ Атырау -1
$ 501.31
€ 520.11
₽ 5.33

Антикор қатты қорқытты ма? Президент үкіметтің шешімсіздігін сынға алды

365 просмотра

Президент бекіту және шешім қабылдау рәсімдерінің ұзаққа созылуы мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілікті өз мойнына алуды қаламауымен және қорқақтауымен байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.

Тоқаевтың айтуынша инвестициялық жобаларды әзірлеу барысында ведомствоаралық үйлестіруге әлі де көп уақыт кетеді. Үкімет тиімдірек жұмыс істеп, қажетсіз бюрократиядан арылу керек.

«Ұзақ уақытты бекіту және шешім қабылдау процедуралары мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілікті өз мойнына алуды қаламауымен және қорқуымен байланысты. Мұны тікелей айту керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік барлығына қысым жасап, жаншып, қорқытқан шығар? Осы мәселені де қарастырайық. Бірақ шешім қабылдау керек. Оның үстіне мен үкіметке үлкен өкілеттіктер беріліп жатқаны туралы айттым. Қазіргі уақытта президент әкімшілігінің үкіметтің жедел қызметіне араласуға құқығы жоқ. Шешім қабылдаңыздар», - деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол енді үкімет «белді бекем буып», ақшаны тек өзекті мәселелерге жұмсауы керек екенін айтты.

28 қаңтар, 13:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS