Атырау, 12 желтоқсан 06:02
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Елімізде Ұлттық қор қаражатын пайдалануға шектеу қойылады

456 рет қаралды
online.fingramota.kz

Қазақстанда Ұлттық қор қаражатын пайдалану шектеледі. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлттық қор қаражаты, сіз тапсырғандай, тек ірі инфрақұрылымдық нысандарды салу үшін сұралатын болады. Сонымен қатар мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін күшейтеміз", – деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, Бектенов өз баяндамасында субсидияларға арналған шығындардың барлық салаларда тұрақты түрде өсіп жатқанын атап өтті. Алайда олардың нақты тиімділігі ескерілмейді, ал мемлекеттік органдар тарапынан бақылау әлсіз болып отыр.

28 қаңтар, 13:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.