Атырау, 26 желтоқсан 20:05
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әзірбайжан мен Түркия әскери күштерін біріктірмекші

2 486 просмотра

Әзірбайжан мен Түркия бірыңғай әскер құру туралы шешім қабылдады, деп мәлім етті дүйсенбі күні Trend агенттігіне берген сұхбатында Әзірбайжан (парламенті) Мәжілісінің депутаты, қауіпсіздік пен қорғаныс жөніндегі парламент комитетінің мүшесі Захид Орудж. 

«Әзірбайжан мен Түркия әскери жасақтары бірлесіп жүргізген оқу жаттығулары қос мемлекеттің де аймақтық кедергілер мен қауіпсіздік мәселелеріне деген көзқарастары ортақ екенін дәлелдеп отыр және экономикалық, саяси әрі дипломатиялық қарым-қатынастарының негізінде олардың ең негізгі бөлігі – әскери қарым-қатынас қалыптасуда», - деп атап өтті Орудж. 

Ынтмақтастық формуласы «бір ұлт, екі мемлекет» ретінде емес, «бір ұлт, бір әскер» мазмұнында қалыптасуы керек, деп мәлімдеді депутат.

Оның айтуынша, осы бағытта НАТО стандарттарын пайдалана отырып, әскердің күшін нығайтуға мол мүмкіндік бар, соның негізінде Әзірбайжанның күшімен бірге оның аймаққа деген әсері де өзгеретіні сөзсіз.

«Аталмыш бағытта Әзірбайжан мен Түркия бірлескен стратегиялық қадамдар жасауда. Ендігі жерде, мүмкіндіктер аясын кеңейте отырып, бір мақсатты ұстанған және бір миссияны атқаратын әскери бірлестіктер, взводтар құруға болады. Оған саяси еркіміз де, ресурсымыз да жеткілікті», - деп мәлім етті парламент комитетінің мүшесі. 

Дереккөз: bnews.kz

6 тамыз 2013, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.