Атырау, 12 желтоқсан 06:02
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Қызылордада донор қаны құйылған әйелден ВИЧ анықталды

485 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қызылорда облыстық перинаталдық орталығында босанғаннан кейін ауыр жағдайда түскен әйелге 12 донордан қан құйылып, бір айдан кейін одан АИТВ (ВИЧ) анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қызылордада 2024 жылдың 22 қыркүйегінде жедел жәрдеммен перинаталдық орталыққа жеткізілген әйел 23 қыркүйекте түнде табиғи жолмен ұл тапқан. Қанның көп кетуіне байланысты оған 12 донордан қан құйылып, ота жасалған. Әйел 16 қазанда үйіне шығарылған.

Бір айдан кейін әйелден АИТВ (ВИЧ) анықталған. Оқиға тіркеліп, денсаулық сақтау министрлігіне хабар берілген, бірақ ешқандай шара қолданылмағаны белгілі. Медицина қызметкерлерін тергеудің орнына БАҚ-қа шағымданбау үшін ақша ұсынылғаны айтылады.

Orda.kz осы оқиғаға қатысты Қызылорда облыстық денсаулық басқармасы мен денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдады.

27 қаңтар, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.