Атырау, 12 желтоқсан 06:03
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Медициналық қордағы ақшаны қалай қайтаруға болады

461 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медициналық сақтандыру қорының ақшасын қандай жағдайда қайтаруға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде бір адам ресми түрде екі жерде жұмыс істесе, екі жақтан да медициналық сақтандыру қорына жарна аударылады. Бірақ оның бір бөлігін қайтаруға болады.

“Иә, бүгінде екі немесе үш жерде жұмыс істейтін азаматардың барлық жерінен жарнапұлдары ұсталады. Ондай мәселе бар. Бірақ барлығын қосқанда 850 мың теңгеден, яғни ең төменгі жалақының он еселенген көлемінен аспауы керек. Ал асқан жағдайда медициналық сақтандыру қорының жергілікті филиалына арыз жазып, асып кеткен қаражатты қайтаруға мүмкіндік бар”, - деді Әлназарова мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде ең төменгі жарнапұлдың көлемі 4 250 теңгені құрайды. Ал бір жылда 49 000 теңге жиналады.

27 қаңтар, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.