ІІБ баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 4 тамыз күні 20 және 21 сағат аралығында облыста екі суицид фактісі мен бір қайғылы оқиға орын алған.
Индер ауданындағы Өрлік селосынан 45 шақырым қашықтықтағы Шошақ-құдық елді мекенінде 60 жастағы ер адам тамағына пышақпен жарақат салып, сол жерде жан тапсырған.
Шамамен осы уақытта Құлсары қаласындағы бір үйдің сарайында 47 жасар Атырау тұрғыны асылып қалған.
Осы сағатта Индер ауданының Жарсуат селосында суға толы құдыққа құлап, 71 жасар әйел адам суға батып кетті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ