Атырау, 9 ақпан 19:33
 ашықВ Атырау -10
$ 511.18
€ 530.60
₽ 5.28

ІІМ: Алматыда алаяқтардың call-орталығы жойылды

636 просмотра
видеодан скриншот

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті алаяқтық схеманы ұйымдастырушылар мен оған қатысы бар адамдарды анықтап, жолын кесу  бойынша жұмысты жалғастыруда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда полиция қызметкерлері сall-орталықты жойды. Күдіктілер көрші мемлекеттің азаматтарын криптовалюта мен қор нарығына инвестиция салуға шақырып, алдаумен айналысқан. 

24 күдікті ұсталды, олардың бесеуі шетелдік азаматтар. Кеңседе 55 компьютер, 6 ноутбук, 30 ұялы телефон, көрші мемлекет азаматтарының деректері, әртүрлі нұсқаулар жазылған блокноттар табылып, тәркіленді.

-Call-орталық жұмысшыларының міндетіне крипто-инвестиция салғысы келетін адамдарды іздеп,  оларды алдап-арбаумен айналысу кірген. Ауыспалы нөмірлер арқылы жәбірленушілермен байланыс орнатылып, кейін оларға фишингтік сайттарға сілтемелер жіберілген. Осылайша адамдар туралы дербес деректер жиналған. Одан соң алаяқтардың ықпалымен азаматтар өз қаражаттарын крипто-әмияндарға жіберген. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қаныш Ашжанов.


25 қаңтар, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.