Атырау, 30 қазан 10:23
 дождьВ Атырау +2.8
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63

Binance-тегі күдікті шабуыл: 2,5 млрд долларлық актив бұғатталды

74 рет қаралды

Әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы Binance ықтимал хакерлік шабуылға қатысты күдік туындағаннан кейін 2,5 млрд доллардан астам цифрлық активті бұғаттады. Бұл туралы BBC хабарлады.

Биржа өкілдерінің мәліметінше, қаражатты бұғаттау оқиғаны тергеу кезеңінде олардың одан әрі ұрлануына жол бермеу мақсатында жүргізілген. Компания бұғатталған активтер көлемі әлі де ұлғаюы мүмкін екенін атап өтті. Себебі Binance құқық қорғау органдарымен және серіктестерімен бірлесіп, күмәнді транзакцияларды бақылау және бұғаттау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Оқиғаға компанияның бұрынғы басшысы әрі ірі акционері Чанпэн Чжао пікір білдірді.

«Binance шынымен де хакерлік шабуылға ұшыраған сияқты», – деді Чжао.

Күдікті қаражатты бұғаттау операциясына криптовалюта нарығындағы басқа да ірі ойыншылар қосылды. Чжаоның айтуынша, Tether және Circle стейблкоин эмитенттері ұрланған активтердің тағы шамамен 1,7 млрд долларын бұғаттаған.

Circle басшысы Джереми Аллейр Binance платформасындағы ықтимал осалдық туралы хабарламаларды мұқият бақылап отырғанын растады. Оның айтуынша, компания оқиғаға қатысы бар 800 млн доллардан астам активті бұғаттап үлгерген.

Binance – күнделікті сауда көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасы.


Бүгін, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.