
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия астанасы Анкара қаласындағы «Кюллие» президенттік сарай кешеніне Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 13-саммитінің ашылу рәсіміне қатысу үшін барды.
Мемлекет басшысын Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмаз қарсы алды. Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті 2026 жылғы 29–30 қазанда Анкара қаласында өтуде. Кездесудің басты тақырыбы – «Түркі дәуірі: тілде, ойда және істе бірлік».
Саммит барысында түркі мемлекеттерінің көшбасшылары саяси және экономикалық ынтымақтастықты дамыту, көлік байланыстарын нығайту, энергетика, цифрлық трансформация және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Әсіресе Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын, яғни Орта дәлізді дамытуға ерекше назар аударылмақ.

Саммит қорытындысы бойынша Анкара декларациясын қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ Түркия Әзербайжаннан Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалықты қабылдайды.
В Атырау +2.8