Атырау, 3 қаңтар 09:19
 ашықВ Атырау -8
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицер 13 жылға сотталды

914 рет қаралды
Сурет: Zakon.kz

Маңғыстау облысында сарбаз Марат Барқұловты өлтірді деп айыпталған әскери қызметші Дамир Досовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жарыссөзде прокурор Қылмыстық кодекстің 99- бабының 1-тармағына (кісі өлтіру) сәйкес, Дамир Досовты 13 жылға соттауды сұраған еді. Судья іс бойынша шешім шығарды.

«Дамир Досов Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Ол 13 жылға сотталсын. Сондай-ақ «лейтенант» шенінен айырылсын. Досовтан моральдық шығын ретінде 20 млн теңге өндірілсін»,- деді судья Тамара Королевская.

Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Судья сараптамалардың бәрі қаралып, куәгерлердің жауабы бойынша осындай шешім қабылданғанын айтты.  

24 қаңтар 2025, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.