Көрнекі сурет.2 тамыз күні таңғы сағат 8.00 шамасында Атырауда 24 жасар қыз «Хёндай-Элантра» көлігімен Сәтпаев көшесінде келе жатып, «Өнерпаз» тұрмыс үйінің маңында 27 жасар қызды қағып кетті.
Жол көлік оқиғасы нәтижесінде жүргінші басынан дене жарақатын алып, сол күні кеште облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.
Бейресми деректерге сәйкес, ажалды жол көлік оқиғасын жасаған жүргізуші прокуратураның қызметкері екен.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ