Атырау, 23 қараша 14:25
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Марокко королі қателіктен педофилге рақымшылық жасаған

1 904 просмотра

ibigdan.livejournal.com суреті.ibigdan.livejournal.com суреті.Марокко королі Мұхаммед VI-ші 11 баланы зорлағаны үшін 30 жылға сотталған испандық Даниэль Гальванды босату жөніндегі рақымшылық туралы жарлығының күшін жойды, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұған дейін Марокко патшасы Испания королі Хуан Карлос I-дің сұрауымен марокканның түрмелеріндегі 48 испан азаматын бостандыққа шығарған болатын. Рақымшылық тізіміне іліккендер көбіне есірткімен ұсталғандар. Алайда рақымшылық туралы жарлыққа қалайша 65-жастағы педофилдің атының кіріп кетуі әзірге белгісіз.

Бұған дейін рақымшылық туралы шешімді жою керек, деп королдіктің тұрғындары шеруге шыққан болатын.

Қазір Марокко мен Испания билігі арасында өз еліне оралған қылмыскердің тағдырына қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ол Мароккоға қайтарыла ма, жоқ па әзірге белгісіз.

Рақымшылық туралы король жарлығының күшін жою туралы шешім Марокконың жаңаша тарихында бірінші рет болып отыр екен.

Дереккөз: bnews.kz

5 тамыз 2013, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.