Атырау, 23 қараша 14:24
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Рухани: Американдық Иранға қысым жасау саясаты халықаралық заңдарға қайшы

2 843 просмотра

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Иранға қысым көрсетіп отырған АҚШ саясаты халықаралық заңдарға қайшы, деп мәлімдеді Иран президенті Хасан Рухани. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

«ИИР-ның пайымдауынша, АҚШ және Батыс тұтастай алғанда «дос емес» елдермен қақтығысуға әрқашан да ілік іздейді. Ал, Иранның барлық ядролық орталықтары МАГАТЭ инспекторларының бақылауында тұр», - деді Рухани діни көшбасшы Әли Хаменеи президент лауазымына бекіткеннен кейін КХДР Жоғарғы халық жиналысы Тұрақты кеңесінің басшысы Ким Ен Наммен кездесу үстінде.

Ким Ен Нам өз кезегінде КХДР Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын жүзеге асыруға ажырамас құқығын үнемі қорғап келеді, деп атап өтті.

Еске сала кетейік, 1 тамызда АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Иранға қарсы экономикалық санкцияларды қатайтатын жаңа заң жобасын мақұлдады. Құжат жыл бойы иран мұнайы экспортын күніне тағы миллион баррельге қысқартуды көздейді.

АҚШ конгресінің төменгі және жоғарғы палаталары жасаған заң жобалары Иранның кен өндіру және құрылыс секторларының кәсіпорындарын «қара тізімге» енгізуді, сондай-ақ 2015 жылға қарай Иран мұнайының экспортын толық жабу мақсатын қарастырады. АҚШ-тың өткен жылы күшіне енген санкциялары қазірдің өзінде иран мұнайын шетелге шығаруды екі есе қысқартуға әкеп соқты.

Атап өтерлігі, санкциялар жексенбі күні болатын Иранның жаңа президенті Хасан Руханидің ант қабылдауынан бірнеше күн бұрын мақұлданды.

Дереккөз: inform.kz

5 тамыз 2013, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.