Атырау, 24 желтоқсан 15:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сот шешімі еленбей отыр: 13 мың тонна мұнай қалдығы үшін кім жауапты?

904 рет қаралды

Әлеуметтік желіде қоғамдық белсенді Ғазиз ҒАБУЛЛИН "Oxygenator" ЖШС-і мұнай қалдығын төккізуде заңсыздыққа барып, айыппұл салынғанын, алайда ол жерді рекультивизация жасалынбай бүлініп жатқанын мәлімдеді

- "Oxygenator" ЖШС-не қатысты жерге мұнай қалдығын төккен мекемелер неге жауапкершілікке тартылмаған?  Бүгінде ол жерге басқа мекемелер барып, мұнай қалдығын төгуде. Неге Экология департаменті рұқсат беріп отыр?-дейді Ғ. Ғабдуллин. 

Естеріңізге салсақ, 2023 жылы Атырау облыстық экология департаменті ҚР экологиялық заңнамаларына сақталуы бойынша "Oxygenator" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын.  Серіктестіктің қалдықтарды заңсыз жинақтап, экологиялық әсер ету рұқсатын алмағаны белгілі болды. Тексеріс нәтижесінде департамент әкімшілік хатттама толтырып, сотқа жолдайды.

2023 жылдың 1 қараша айында Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты ЖШС-ке 37 млн 495 мың айыппұл салады. Алайда ЖШС сот қаулысымен келіспей аппеляциялық шағым түсіреді.

Нәтижесінде Атырау облыстық соты 2023 жылы 29 қарашасында "Oxygenator" ЖШС-нің шағымын қанағаттандырусыз қалдырады. Ал департамент ЖШС-нің үстінен Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  қалдықтарды жинақтауға тыйым салу жөнінде талап арыз түсіреді. Ол 2024  жылғы 22 қаңтардағы сот шешімімен қанағаттандырылып, атқару парағы сот орындаушыларға жолданған. 

Атырау облыстық экология департаментінің  баспасөз қызметі  қалдықтарды төгу үшін экологияға әсер ету рұқсаты берілмейінше ЖШС жұмысын жүргізе алмайтынын мәлімдеді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

23 қаңтар, 03:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.