Атырау, 3 қаңтар 07:15
 ашықВ Атырау -13
$ 505.53
€ 593.44
₽ 6.34

СҚО-да полицейлер азаматтарға күдікті QR-кодтарды сканерлемеуді ескертті

393 рет қаралды

Петропавлда полицейлер үйлердің кіреберісінде QR-код бейнеленген фотосуреттің тарауына қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғындары мессенджерлерде QR-код бейнеленген хабарландырудың тарауын талқылап жатыр. Адамдардың айтуынша, хабарландыру үйлердің подъездерінде жапсырылған. Фотода көрсетілген QR-кодты сканерлеген адамға сілтеме бойынша өтіп, аудан мен үйдің Telegram-чатына кіру ұсынылады. 

Осы хабарландыруға байланысты көптеген жергілікті чатта алаяқтардың веб-сайтына кірмеу үшін кодты сканерлемеу туралы ескерту тарап кетті.

Полицейлер тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша алаяқтық белгілері жоқ екенін анықталды. Дегенмен, мұндай механизмді қаскөйлер QR-кодтарды сканерлеуге негізделген интернет-алаяқтық кезінде қолданады. Алаяқтар жалған сайттарға әкелетін, құрылғыға вирус кіргізетін немесе ақшаның ұрлануына жағдай жасайтын зиянды QR-кодтарды жасайды. 

СҚО-да QR-кодтарды қолдану арқылы жасалған фактілер тіркелмеді, бірақ полицейлер өңір тұрғындары мен қонақтарына сақ болуға және күдікті кодтарды сканерлемеуге кеңес береді.

22 қаңтар 2025, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.