Атырау, 12 желтоқсан 06:17
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

​"FlyArystan" әуекомпаниясының әуе кемелерінің паркі жаңа А320 ұшағымен толықты

414 рет қаралды

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компанияларымен бірлесе отырып, әуе тасымалдардағы жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту мақсатында әуе кемелерінің паркін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Осылайша, жаңа Airbus A 320Neo ұшағы (188 орынды) тікелей Airbus өндірушісінен (Тулуза) келді. Бұл «FlyArystan» әуе компаниясының паркіндегі 24-ші ұшақ болды.

Айта кету керек, Airbus A320Neo жаңа буын қозғалтқыштарымен жабдықталған, бұл отын шығынын 20%-ға азайтуға және қоршаған ортаға көміртегі шығарындыларының мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.

Әуе кемесінің пайдалануға берілуі әуе компаниясының өткізу қабілетін арттырады, рейстердің уақытында орындалуына және бағыт желісінің кеңеюіне оң әсер етеді.

Қазақстандық әуе компаниялардың әуе кемелері паркін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

22 қаңтар, 16:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.