
ҚР Су ресурстары министрлігі көктемгі су тасқынына дайындық туралы ақпараттан бөлек, Атырау облысындағы Ақсай каналы соңғы 41 жылда алғаш рет жөнделгенін хабарлады. «АЖ» өткен жылдың ақпан айында оны жөндеу жұмыстары туралы хабарлаған еді.
Ведомствода өткен жылы Су ресурстары және ирригация министрлігі су қоймалары мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталғанын хабарлады. Барлығы 20 жоба жүзеге асырылды.
Ведомствоның ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, соңғы 36 жылда алғаш рет Ақтөбе су қоймасын кешенді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп отыр. Бүгінде оның сыйымдылығы 245 миллион текше метрді құрайды. Батыс Қазақстан облысында 58 жылда алғаш рет Киров су қоймасы жөнделді. Суару арналары қалпына келтірілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде шаруалар үшін су сапасы жақсарды.
«Атырау облысында 41 жылда алғаш рет ұзындығы 74 шақырымды құрайтын Ақсай каналы жөнделді. Астана су қоймасын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Шығыс Қазақстан облысында Қандысу өзеніндегі су қоймасын қалпына келтіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, еліміздің 16 өңірінде су тасқынына дайындық аясында жалпы ұзындығы 584 шақырымды құрайтын 400-ге жуық бөгет жөнделді», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
В Атырау -1