Атырау, 6 желтоқсан 16:43
 бұлттыВ Атырау 0
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

​Жеңіс саябағындағы бүлдіршіннің өліміне қатысты тергеу аяқталды

1 462 рет қаралды

Бұдан басқа, саябақта соғыс қаһармандарының құрметіне қойылған бюсттердің бәрі қауіпсіз болмай шықты.

Еске салайық, өткен жылдың 25 маусымында қаладағы Жеңіс саябағында үстіне ескерткіш құлап, 7 жасар қыз көз жұмып, інісі мен әкесі де жарақат алған болатын. 

«Аж» тілшісіне Атырау облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді (Қылмыстық кодекстің 306-бабы). Ол 30 желтоқсанда аяқталып, тараптар іс материалдарымен танысқан соң сотқа жолданады.

Тергеу барысын қадағалаған прокуратура сотқа дейінгі тергеу деректерін жария етуге жол берілмейтінін алға тартып, адам өліміне әкеп соқтырған оқиғаға кімдер айыпталып отыр деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Мұның несін жасыратыны түсініксіз, жақын арада сотта бәрі белгілі болады ғой.

2020 жылы Жеңіс саябағын қалпына келтіру кезінде демеушілік қаражатқа Ұлы Отан соғысы батырлары жерлестеріміздің бюсттері қойылған 14 тұғыр орнатылды. Ал төтенше жағдайдан кейін қала әкімі Шәкір КЕЙКИН саябақтағы барлық монументалды құрылыстардың техникалық жағдайын тексеруді тапсырды. Техникалық тексеру бойынша тиісті тендерді «QRG Geo» ЖШС жеңіп алды, жұмыс құны 2,1 млн теңгені құрады.

Сараптама қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Тілек МАХУОВ жазбаша ақпарат берді. Анықталғандай, барлық 14 ескерткіштің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланып отыр. Осыған байланысты олар әлі күнге дейін турникеттермен және лентамен қоршалған. Қазіргі уақытта келе жатқан Жеңістің 80 жылдығына дейін қауіпті ескерткіштерді алып тастап, жөндеп, одан кейін қаланың коммуналдық меншігінің балансына алу жоспарда бар.

Бұл ескерткіштер іс жүзінде иесіз болған. Қалай десек те, бұған дейін қала әкімшілігі кімнің балансында екенін атай алмаған болатын.

Сондай-ақ хатта әкімдіктің балансындағы қалған 8 ескерткіштің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланатыны айтылған.

Лев ГУЗИКОВ 

Автор түсірген сурет

22 қаңтар, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.