Атырау, 12 желтоқсан 06:17
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Резервтегі әскери қызметке қатысты заң қабылданды

474 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Мәжіліс резервтегі қызмет мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды NEGE.

Бұл әскер құрамын толықтырудың қосымша әдісі болады. Сондай-ақ қажетті әскери мамандықтар бойынша резервтік күштерді дайындауға, резервшілердің тікелей әскери бөлімдерге келуіне байланысты әскери бөлімдердің даярлық мерзімін қысқартуға, жауынгерлік дайындықты арттыруға мүмкіндік береді.

Заңда оқу немесе жиын кезеңінде әскери қызметші мәртебесін алатын жаңа «әскери резервші» ұғымы енгізіледі. Резервтік қызметті енгізу 2025 жылға жоспарланған. Осылайша әскер дайындығын жетілдіру жалғасады. Бұл тәсіл ТМД елдерінде және әлемдік деңгейде қолданылады.

Қазақстанның Әскери доктринасы қорғанысқа бағытталған, сол себепті еліміз бейбіт уақытта да агрессияға тойтарыс беріп, қажет болған жағдайда мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауға қабілетті жауынгерлік армияны қалыптастырады.

Бастапқы кезеңде Қорғаныс министрлігі еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңға жуық ерікті жинауды жоспарлап отыр. Болашақта әскерге шақыру әскер қажеттілігіне байланысты реттелетін болады.

22 қаңтар, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.