Атырау, 17 шілде 01:53
 дождьВ Атырау +27.9
$ 472.34
€ 541.25
₽ 6.01

Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

615 рет қаралды
Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

"Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді", – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

22 қаңтар 2025, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.