Атырау, 23 қараша 14:24
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Хаменеи Руханиді Иран президенті лауазымына бекітті

2 542 просмотра

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Хасан Рухани ресми түрде Иран президенті лауазымында Махмұд Ахмадинежадты ауыстырды. Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи Тегеранда өткен арнайы салтанатта Руханидің сайлануын мақұлдады, деп хабарлады Би-Би-Си.

Бұл салтанат Иранда биліктің ауысқанын білдіреді. Руханиді ұлықтау салтанаты жексенбі күні Иран парламентінде өтеді.

Маусымда өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткен 64 жастағы дін қызметкері реформа жасауға және Иранның халықаралық оқшаулануын тоқтатуға уәде беріп отыр.

Рухани парламентте әртүрлі қызметтер атқарды, сондай-ақ Иранның ядролық проблемалар жөніндегі келіссөздеріне қатысты, бірақ Ахмадинежад оны бұл рөлінен айырды. Ол 1979 жылғы Ирандағы революцияға дейін ислам белсендісі болды.

«Мен өзгерістерді және жақсы өмірді қалайтын, сыбайлас жемқорлықты, кедейшілік пен кемсітуді жойғысы келетіндердің, өзін құрметтейтін жән өзінің ар-намысын жоғары қойып, болшаққа үміттенетіндердің қолдауымен жауапкершілікті өз мойныма аламын», деді Рухани сенбідегі салтанатта.

Руханиді реформа жақтастары қолдайды, олар жаңа президенттен нақты өзгерістерді, соның ішінде саяси сотталғандардың босатылуын және ел экономикасына салмақ түсіріп отырған халықаралық санкцияларды жоюды күтеді.

Алайда Рухани президент орынтағына отырғанымен, өзекті шешімдер қабылдауда ол басты рөл атқармайды. Ислам респбубликасында соңғы сөзді президент емес, Жоғарғы көшбасшы айтады, деп түсіндіреді Би-Би-Си тілшісі.

Жұмада Иерусалим күніндегі митингіде сөйлеген сөзінде Рухани израильдің палестиналық аумақты жаулауын «истам әлемінің денесіндегі ескі жара» деп атады және ирандық көшбасшылардың палестиналықтарды қолдаған және Израильді айыптаған сөздерін қайталады.

Иран 1979 жылғы Ислам революциясы кезінен бері Израильдың өмір сүру құқығын жоққа шығарып келеді.

Көптеген ирандықтар екі мерзім бойы президент орынтағында болған Ахмадинежад елді экономикалық күйзеліске ұшыратты және сыртқы әлеммен қарама-қайшылықты күшейтті деп санайды.

Дереккөз: inform.kz

4 тамыз 2013, 13:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.