Атырау, 12 желтоқсан 06:17
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Арктикалық суық Қазақстан аумағына еніп келеді

353 рет қаралды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады. 

Арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі. 23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсерін сақтап қалады, бұл аймақтарда қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжанып отыр.

Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде -35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз. Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейетін қатты аяз күтіледі. Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус аяз шамасында сақталады.

22 қаңтар, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.