Атырау, 12 желтоқсан 06:17
 бұлттыВ Атырау -5
$ 520.02
€ 608.79
₽ 6.57

Адам қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісін тергеу аяқталды

358 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Өткен жылы 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Тараптар танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберіледі», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Өткен жылдың 4-ші қазанында Талғар қаласындағы төбелес кезінде  Шерзат Полат қайтыс болғаны белгілі.  12 қазан күні түнде қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғаған.

22 қаңтар, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.