Атырау, 13 желтоқсан 05:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 522.91
€ 548.85
₽ 5.05

Вахтадағы кісі өлімі

2 677 просмотра

Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 31 шілде күні кешкісін Исатай ауданы Жаңаталап учаскесіндегі мұнайшылардың вахталық поселкесінен Құлсары қаласының 58 жастағы жұмысшысының басынан зақым алған мүрдесі табылды.

Жедел топ қызметкерлері сол күні 19 сағат 30 минутта марқұм мен оның 28 жастағы әріптесінің әрі жерлесінің арасында ұрыс-керіс болғанын анықтады. Жас жігіттің әкесіндей адамды өлімші етіп соғуына не себеп болғанын тергеушілер анықтауда.

Күдіктелуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 96-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 тамыз 2013, 16:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.