
«Қазақмыс» жазатайым оқиға салдарынан жұмысшы қаза болғанын хабарлады.
«Қазақмыс» компаниялар тобы Шығыс Жезқазған кенішінің «Анненск» шахтасында болған қайғылы оқиға туралы өкінішпен хабарлайды.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза тапты", - делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.
"Қазақмыс басшылығы мен ұжымы, марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыра көңіл айтады. Оның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажетті көмек көрсетілетін болады", - делінген хабарламада.
В Атырау -5