Атырау, 5 желтоқсан 08:46
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Эритрейлікті жалын шарпыды

1 871 рет қаралды

Үстіміздегі жылдың 1 тамызына қараған түні Қашағанда жұмыс істейтін африкалық Эритрея мемлекетінің азаматы термикалық күйікпен облыстық ауруханаға түсті.

Біздің дереккөздеріміз хабарлағандай, «Каспий Оушен» итальяндық компаниясының 29 жастағы жұмысшысы Нигаш РИДАН «екі қолы мен аяғын өрт шалған күйік» диагнозымен стационардың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Науқастарды қабылдау бөлмесіндегі журналда жапа шегушінің Қашағаннан жеткізілгені көрсетілген. Эфиопия мен Эритреяның жұмысшылары «Каспий Оушен» компаниясында отпен байланысты жұмыс учаскелерінде  жұмыс істейді. Бұл компания Қашағанда кеңейтілген қызмет түрлерін көрсетеді және «Р1», «Қарлығаш» және «Модуль» кемелеріне қожалық етеді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

2 тамыз 2013, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.