ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті (ТМРАД) жылу есептегіштерді орнатуда тұрғындардың белсенділік танытып жатқанын атап өтті.
Жылу есептегіштер орнатылуы тиіс 452 үйдің (тозған және апатты үйлер бұл тізімге кірмейді) бүгінде 95-і, яғни, 21 пайызы (ағымдағы жылдың басында есептегіштері бар үйлердің үлесі 7,9 пайызды құрады) есептегіштермен жарақталған, деп хабарлады ТМРАД басшысы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА.
Іс жүзінде мұндай өсімнің себебі – жүргізіліп жатқан тұрғын үй қорын термоможаңғырту. Бұл бағдарламаға жылу есептегіштерін міндетті түрде орнату кіреді.
2011-2012 жылдары жылу өлшегіштермен 15 үй жарақталды. Тағы көпқабатты 46 үй үстіміздегі жылы жылу есептегіштермен жарақталуы тиіс. Алты үйді «АЖЭО» АҚ өткен жылу маусымында жылы ауа-райы салдарынан артық төленген тұрғындардың төлемдері есебінен жылу есептегіштермен жарақтады.
Досмұхамбетованың айтуынша, қазір Астанада «Табиғи монополиялар туралы» заңдағы өзгерістер қызу талқылануда.
– Бірі анық: жылу энергиясы есептегіштерін орнатуды монополист төлейтін болады. Бірақ қандай ақшаға? Ауа-райы жылы болғандықтан қайта есептеуден алынған қаржылар есебінен бе, дифференцияланған тарифтер есебінен бе (жылу есептегіштердің бар немесе жоқ болуына қарай), әлде тағы басқа нәрседен екендігі жуырда белгілі болмақ. Монополист тұрғындардағы жылу есептегіштерді сатып алатын болады. Сондықтан кімде-кім оны қазір орнатып алса, солар ұтпақ. Өйткені алда қылышын сүйретіп қыс келе жатыр, ал дифференциялдық тарифтерді әлі ешкім жойған жоқ, - деп мәлімдедіБ. Досмұхамбетова.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ